Тағы да студент өлімі. Жатақханадан мәйіт табылды

206
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PSfq8VeMPKWEir5wMZahOypdlJCBu2iO3a2IvzeA.jpg

Қызылордадағы жатақханалардың бірінде 16 жастағы студенттің мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиғаға байланысты марқұмның отбасы оны соққыға жығу дерегі болуы мүмкін екенін айтып отыр,.

Туыстарының мәліметінше, Нұрдәулет Мырзалыға жоғары курс студенттері тарапынан күш қолданылған болуы ықтимал. Отбасы өкілдері жатақханада кіші курс студенттеріне қысым жасалып келгенін де алға тартты.

Қызылорда облыстық полиция департаменті мәліметінше, күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қылмыстық іс «қасақана ауыр дене жарақатын келтіріп, өлімге әкеп соққан» бабы бойынша тергеліп жатыр.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатыны, іс ерекше бақылауда екені хабарланды.

Комментарии