Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті

92
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1dtD5tH5bBoMQrPs0lXxHbKLxF9GTd1wCoxL2AEd.jpg

Шымкент қаласының полиция департаментінде «Ұрпақтар сабақтастығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір буын міндеті» тақырыбында тағылымдық әрі тәжірибелік кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін айқындау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ ішкі істер органдарында қызметке жаңадан келген жас мамандардың бойында адалдық, жауапкершілік және кәсіби әдеп қағидаларын қалыптастыру болды.
Кездесуге ішкі істер органдарының ардагерлері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының басшылары арнайы шақырылып, жас полиция қызметкерлері, оқу орталығының тыңдаушылары және «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары қатысты.
Жиын барысында жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, құқық бұзушылықтарды анықтау тәжірибесі және оларды болдырмау жолдары талқыланды. Қоғам сенімін арттырудағы ашықтық пен әділдіктің маңызы атап өтіліп, «Заң мен Тәртіп» қағидаты қызметтің басты бағдары екені жеткізілді.
Ардагерлер жас қызметкерлермен тәжірибе алмасып, кәсіби жолдағы адал қызмет пен Отан алдындағы жауапкершіліктің маңызына тоқталды.
Іс-шара аясында жас мамандар да сөз сөйлеп, ішкі істер органдарындағы алғашқы қадамдары, тәжірибе жинақтау мен тәлімгерліктің рөлі туралы пікірлерімен бөлісті.
Кездесу соңында қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру және қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Комментарии