Әнші өзіне қысым жасалғанын мәлімдеді

126
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/27ZBDJjLKRFyMgC8gCtxTbMYL8ZPXRtyGnnROlNO.webp

Ғалымжан Сүлеймен өзіне қатысты күмәнді жағдайлар жиілегенін айтып, өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы оның заңгері Инга Иманбай хабарлады.

Айтуынша, Мұқасан Шахзадаев қатысы бар іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы — денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша тергеліп жатыр. Алайда жәбірленуші тарап істің алты айдан бері сотқа жетпеуіне алаңдаушылық білдірді.

Ғалымжан Сүлейменнің сөзінше, жуырда аулада бейтаныс екі адам оны тоқтатып, күмән тудырған әрекеттер жасаған. Сонымен қатар көлігінің дөңгелек бұрандаларының босап тұрғанын байқағанын айтты. Әнші бұл оқиғаларды өзіне жасалып жатқан қысыммен байланыстырып, істің әділ тергелуін және сотқа жеткізілуін талап етті.

Заңгер Инга Иманбай да тергеудің ұзаққа созылуы күмән тудыратынын айтып, іске сыртқы ықпал болуы мүмкін екенін жеткізді.

Комментарии