"Ясауи" орденінің тұңғыш иегері. Қазақстан Президенті Түркия басшысын марапаттады

137
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZDNZXwifoqkrbkTdaWpyG4nTVstsgbw5eHDYmynU.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Президент Тоқаев Түркия көшбасшысын әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын халықаралық аренада табанды түрде қорғап жүрген қайраткер ретінде жоғары бағалайтынын айтты.

"Өзіңіздің көреген бастамаңызбен қолға алынған реформалардың нәтижесінде Түркия тұрақты дамып, ықпалды әрі қуатты мемлекетке айналды. Сіздің «Әлем бестен үлкен» тұжырымдамаңыз халықаралық қатынастардағы теңсіздікке қарсы батыл үндеу болды", – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Ердоғанның түркі әлемінің ынтымағын нығайтудағы рөліне ерекше тоқталып, оның қолдауымен Түркі мемлекеттері ұйымы қысқа уақыт ішінде ықпалды құрылымға айналғанын атап өтті.

"Біздің тегіміз бен дініміз – бір, діліміз – ұқсас. Қазақ пен түрік халқының бауырластығы бүгінде стратегиялық серіктестікке ұласты", – деді Президент.

Мемлекет басшысы Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті бауырлас елдердің ынтымақтастығын одан әрі арттыратынына сенім білдірді.

Комментарии