Түркістандық оқушылар Грекияда өткен халықаралық робототехника чемпионатында топ жарды

174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QiuYDJB4P74Vfn3mm5WK6GLk9gKsg50hZo7LCDvg.jpg

Түркістан облысы Қазығұрт ауылының «Qazygurt» командасы Грекияда өткен Open International Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі орынға ие болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жарысқа 56 елдің жас инженерлері қатысты. Қазақстандық оқушылар АҚШ, Жапония, Бразилия, Германия, Қытай, Испания және Түркия қатысушыларымен бәсекеге түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша олар Champions Award номинациясында екінші орын иеленді.

Құрамада Бауыржанқызы Арайлым, Абдрай Ернұр, Жаркинбек Інжу, Амангельдиев Абзал, Жетпіс Ерасыл, Өтепберген Нұрбек, Айбек Еркебұлан және Кенесов Диас өнер көрсетті. Олар Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназияда, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейде және А.С. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектепте оқиды.

Команданың жетекшілері – Оразхан Бексұлтан, Тастан Ербол, Үстенов Нұрсұлтан, Нышан Қайыркен және Алимкулов Қуаныш.

«Qazygurt» командасы халықаралық чемпионатқа жолдаманы Alem Tech Fest жарысында жеңіп алған еді. Аталған жарыс Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен болатын.

Комментарии