Қазақстанда киіктердің қырылу көрсеткіші табиғи биологиялық нормадан аспайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, киіктердің орташа өмір сүру ұзақтығы 5 жылдан аспайды, ал популяция табиғи түрде 3–4 жыл сайын жаңарып отырады. Вице-министрдің дерегінше, жыл сайын киіктердің қырылуы табиғи көрсеткіштің 15–20 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта еліміз аумағында шамамен 26 мың өлексе тіркелген, оның ішінде 11 мыңы Батыс Қазақстан облысына тиесілі.
Министрлік өкілінің мәліметінше, киік санына қатысты ресми санақ нәтижелері маусым айында жарияланады. Алдын ала болжам бойынша, олардың жалпы саны 5 миллионнан асуы мүмкін.
Новости по теме
Исполнение поручений Президента: вице-премьер Ермек Кошербаев проверил зоны отдыха на побережье озера Алаколь
