Зауыттағы жарылыс. Қаза тапқандардың саны артты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iFNFmO1EZ0x1uI1oDt4vptsn2JL0QRABUcWjMYY0.webp

Өскемен қаласындағы металлургиялық алаңда орын алған өндірістік жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған Казцинк қызметкерлерінің бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Компания өкілдерінің мәліметінше, қаза болған қызметкердің отбасына және зардап шеккен барлық жұмысшыларға қажетті қолдау көрсетілмек.

Апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды. Оқиғаға байланысты мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта кәсіпорынның мырыш және қорғасын зауыттарындағы өндірістік қуаттар уақытша төмендетілген режимде жұмыс істеуде.

Еске салайық, 5 мамыр күні «Казцинк» кәсіпорнында түтін сорғыш құрылғыны тазалау кезінде жарылыс болып, артынша өрт шыққан және өндірістік құрылымдардың бір бөлігі опырылған. Оқиға салдарынан бастапқыда екі адам қаза тауып, бірнеше жұмысшы жарақат алған.

Комментарии