Франциядағы Қарсыласу қозғалысына қатысқан қазақстандықтар марапатталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fFhQkGVp32mnXcSZfSR4cD6ZJZFtRaMm9L3KF1EI.webp

Фото: Bes.media 

Астанада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Франциядағы Қарсыласу қозғалысына қатысқан бес қазақстандық жауынгерге қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік марапаттар табысталды. Іс-шара туралы BES.media  жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Марапаттарды Қазақстандағы Франция Республикасының елшісі Сильван Гиоге марқұмдардың туыстарына табыс етті. Рәсім Шарль де Голль ескерткіші жанында өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен қаза тапқан жауынгерлердің отбасылары қатысты.

Қайтыс болғаннан кейін марапатталғандар қатарында Бектемір Байжанов, Нұранбай Баймұратов, Ахмет Бектаев, Өтелеу Бисенғалиев және Ахмет Сұбалов бар.

Салтанатты шара барысында қатысушылар Шарль де Голль ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алды.

Әскери-тарихи музейдің жетекшісі Даулет Қадыровтың айтуынша, өткен жылы да Франция тарапы үш қазақстандық партизанға марапат тапсырған болатын.

Қазақстандық жауынгерлердің Франциядағы Қарсыласу қозғалысына қатысуы туралы деректерді тарихшы Гүлнар Мендіқұлова анықтаған. Ол Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандықтардың тағдырын зерттеп келеді.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, зерттеу барысында француз Қарсыласу қозғалысында соғысқан жеті қазақстандық туралы құжаттар табылған. Сондай-ақ Франциядағы Chambière әскери зиратында жерленген 20-дан астам қазақстандық жөнінде де мәліметтер анықталған.

Комментарии