Депутат Қызылорда облысының әкімі болды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5owne51mvd891OnMh7Mq4CVUkNtRDazGrxDtExdy.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қызылорда облысының жаңа әкімі болып Мұрат Ергешбаев тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна".

Тиісті жарлық Ақорданың баспасөз қызметі арқылы жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Жаңа әкімнің тағайындалуы өңірді басқару жүйесіндегі кадрлық өзгерістер аясында жүзеге асты.

Мұрат Ергешбаев 1966 жылы Қызылордада дүниеге келген. 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының халық шаруашылығын жоспарлау факультетін бітірген.

Ол бұған дейін 2023 жылдан бері Қазақстан Мәжiлiсі VIII-сайланымының депутаты болған.

Мұрат Ергешбаев бұрын Сырдария ауданының (2021–2023) және Қызылорда қаласының (2008–2010) әкімі болған.

 

Комментарии