Құрылтай съезінде «Әділет» партиясын құру туралы шешім қабылданды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rqOufGWVlaYMDgSTLMFN8lt6E4sXo9LhlkNslKXG.jpg

Қазақстанда «Әділет» саяси партиясы құру туралы шешім қабылданды. Астанада өткен партияның құрылтай съезіне 931 делегат қатысып, дауыс берді. Съезд модераторы қазақстандық қоғам қайраткері, журналист Рауан Кенжехан болды.

Съезд барысында партияның бағдарламасы мен жарғысын бекіту бойынша дауыс беру өтті. «Әділет» партиясы өз құндылықтары ретінде әділеттілік, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық және даму қағидаттарын жариялады. Бағдарламада «Заң мен тәртіп» қағидаты әділеттіліктің негізгі тірегі ретінде көрсетілген.

Съезд барысында партия Қазақстандағы кез келген адал еңбектің әділ әрі лайықты бағалануына жағдай жасауды мақсат еткенін хабарлады.

Комментарии