Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Қызылсай ауылында «Қара кемпір» атанған «Қали апа музей-үйі» салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара Қали ананың өмір жолынан сыр шертетін сахналық қойылыммен басталып, жиналған көпшілікке ерекше әсер сыйладыСалтанатты жиынға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, Қазақстанның халық әртістері Алтынбек Қоразбаев мен Тұңғышбай Жаманқұлов, сондай-ақ облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай және сот саласының ардагері Мұсабек Әлімбеков қатысты. Сонымен қатар, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, зергер-реставратор Берік Әлібаев, Қырғыз Республикасынан келген делегация және ауыл тұрғындары шараға куә болды.
Жиында Қали анаға арналған ескерткіштің орнатылуына бастамашы болған Алтынбек Қоразбаев пен музейді қалпына келтіруге үлес қосқан Берік Әлібаевтың еңбегі ерекше аталып өтті. Аудан басшысы аталған азаматтарға «Меркі ауданына сіңірген еңбегі үшін» белгісін табыстады.
Шара барысында сөз сөйлеген қонақтар Қали ананың тағдырын ұлықтау – тарихи жадыны жаңғыртудың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Іс-шара соңында қатысушылар музей ауласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жаңартылған музей экспозициясымен танысты.
Айта кетейік, соғысқа аттанған Жексенқұл, Қосшығұл атты қос ұлынан қатар айырылған Қали ананың ішқұса болған ананың зары мен күйігінен «Қара кемпір» әні туады. Кейіннен «Қара кемпір» әнінің кейіпкеріне ескерткіш тұрғызылады.
Соғыстан қайтпай қалған қос ұлының жолына телміруімен өткен анаға арналған мемориалдық кешеннің биіктігі 4 метрді құрайды. Бетоннан құйылған төртбұрыш тұғырдың үстіне орнатылған.

В Акмолинской области продолжается оснащение учреждений здравоохранения современным медоборудованием
