Қарағанды облысында жүк пойызының астына түсіп, теміржол қызметкерінің қаза табуы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна".
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 3 мамыр күні болған. Бұл факті бойынша Қарағанды-Сортировочная станциясында қозғалыс қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу дерегі тіркеліп, соның салдарынан абайсызда адам өлімі орын алған.
Аталған жағдайға байланысты Көліктегі полиция департаментінің тергеу органдары қылмыстық іс қозғап, тиісті тергеу амалдарын бастады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Новости по теме
Главы АФМ Д.Малахов, НПП «Атамекен» Р.Баталов и Уполномоченный по защите прав предпринимателей К.Нуров договорились о взаимном сотрудничестве
