"Отбасымызға қош келдіңіздер!" Елордада жүздеген тазы бір алаңға жиналды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tchLmL8FQK0V3m2at9dN3vtLXM6TR6gN8K3f57Oa.png

Астанада “Astana Winner 2026” халықаралық көрмесі EXPO халықаралық көрме орталығында өтіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Көрмеге 350-ден астам ит қатысып, түрлі елдерден келген кинологтар мен халықаралық сарапшылар жиналды. Қатысушылар арасында Венгрия, Швейцария және Қытай елдерінің мамандары бар.

Іс-шараға Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) президенті Тамаш Яккель қатысты. Ол Қазақстанның ұйымға толыққанды мүше болуын маңызды қадам ретінде атап өтті.

Көрмеде ерекше назар қазақ тазысы тұқымына ауды. Шарада 60-тан астам тазы ұсынылды. FCI президенті мұндай көлемде бір жерде тазыны алғаш рет көргенін айтты.

"FCI президенті ретінде Қазақстанды ұйымның толыққанды мүшесі ретінде құттықтағым келеді. Біздің отбасымызға қош келдіңіздер!" - деді ол іс-шарада.

Қазақстан кинологтар одағының мәліметінше, көрме барысында ит тұқымдарының стандартқа сәйкестігі бағаланып, асылдандыруға рұқсат беру тәртібі сақталады. Мамандардың айтуынша, бұл шаралар тұқымдардың тазалығын сақтауға және селекциялық жұмысты реттеуге мүмкіндік береді.

 

Комментарии