«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы ЖИ көмегімен қайта жанданды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KIEjZqEJceAdivhgb3mK1TQdMP6CLkKnNkIcSYqG.webp

Бүгін, 29 сәуірде «Махаббат серті» атты медиажобаның трейлері жарық көрді.  Бұл – танымал «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» эпосының жасанды интеллект көмегімен жасалған жаңа интерпретациясы, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Төрт бөлімнен тұратын жоба «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының қолдауымен жүзеге асқан.

«Бұған дейін біз “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” спектаклін қолдадық, ал қазір осы оқиғаның технологиялық жаңа форматта жалғасып жатқанын көріп отырмыз. Баян Сұлу туралы аңыз – тек біздің фабриканың атауы ғана емес, ол өзімізді сәйкестендіретін мәдени кодтың бір бөлігі. ЖИ-сериал бұл эпосты жаңа қырынан танытады. Сондай-ақ оны жас аудиторияға жақындата отырып, түпнұсқаның тереңдігі мен құндылықтарын сақтауға мүмкіндік береді. Біз мұндай жобалар дәстүр мен заманауи үрдісті қарсы қоймай, керісінше, біріктіріп, ұлттық мұраны өзекті етеді деп сенеміз», – дейді «Баян Сұлу» АҚ президенті Тимур Садыков.

«Махаббат серті» – тыйым салу, сатқындық және қайғылы аяқталумен бетпе-бет келген екі ғашықтың хикаясы. Жоба кәсіби қазақ тіліндегі дыбыстаумен және орыс және ағылшын тілдеріндегі субтитрлермен ұсынылған. Сонымен қатар компания сериалды қазақ тіліне дыбыстауға кәсіби дубляж актерлері тартылғанын атап өтті.

Комментарии