Қытай Айға ұшу үшін жаңа ғарыш кемесін дайындап жатыр

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ld3TY5mSNmFUHDxsMxvYXkQj3cjAqbr9nYUrMTjG.jpg

Фото: ИТАР-ТАСС

Қытай Айға ұшатын жаңа ғарыш кемесін жасау жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Қытайдың Аэроғарыштық ғылым және технология корпорациясының Бесінші ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Шао Лиминь мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Маман атап өткендей, алдағы уақытта қытайлықтар Жердің табиғи серігі — Айдың бетіне өз іздерін қалдырады.

“Соңғы екі жыл бойы Пекин пилотты Айға бару бағдарламасын белсенді түрде ілгерілетіп келеді”, деп нақтылады Шао Лиминь.

Ол жаңа ғарыш кемесі қытайлық ғарышкерлер үшін Жерден тыс кеңістікке ұшуға арналған жаңа платформа жасайды деп күтуде. Бұл мәлімдеме Қытайдың ғарышкерлер күніне орай айтылды, ол 24 сәуірде аталып өтеді.

Өз кезегінде, Пекин 2030 жылға дейін ғарышкерлерінің Айға қонуын жоспарлап отыр. Жаңа пилотты ғарыш кемесі осы миссияның басты элементі болуы тиіс.

Айта кетсек, Қытай ғарышкерлер күнін 2016 жылдан бері жыл сайын атап өтеді – бұл күн 1970 жылы «Дунфанхун-1» қытайлық спутнигінің алғашқы ұшырылуына арналады.

Комментарии