Депутаттарға жаңа төлем мен тәртіптік жаза енгізілуі мүмкін

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dYJ7rFbazHeWjpcdA7ALUSFGndoAzpKvhGhNeoNf.jpg

Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға төлемақы төленетініне кепілдік беріледі. Бұл норма мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне қатысты Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында көзделген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Депутат Екатерина Смышляеваның сөзінше, құжат мәслихат депутаттарының әлеуметтік кепілдіктерін күшейтеді.

«Атап айтқанда, іс-сапар шығындарын өтеу қарастырылған. Сондай-ақ мәслихат таратылған жағдайда тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттарға төлемақы беріледі», – деді ол.

Бұл төлемдер депутат өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап, 3 ай мерзімге беріледі. Төлем тәртібі мәслихат регламентіне сәйкес реттеледі. 

Сондай-ақ заң жобасында мәслихат депутаттарына қатысты жауапкершілік шаралары да қарастырылған. Оларға бір сессия бойы дауыс беру құқығынан айыру және сессияға қатысу құқығынан шектеу жазасы ұсынылады. Ал тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттарға қосымша ретінде бір күндік жалақысынан айыру түріндегі тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

Комментарии