Тегеран Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеу бойынша Мәскеудің көмегін қабылдауға дайын. Бұл туралы Иранның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Қазем Джалали мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Ведомостиге» сілтеме жасап.
«Біздің жоғары деңгейдегі байланыстарымыз жалғасып жатыр. Біз сіздердің бастамаларыңызды тыңдауға дайынбыз. Әрине, ресейлік әріптестердің түрлі бастамаларын да қарастырамыз», — деді дипломат.
Оның айтуынша, Ресей – Иранның досы, сондықтан билік өкілдері арасында тұрақты кеңестер жүргізіліп келеді. Осылайша Джалали дағдарысты реттеуге делдалдардың қатысуы және елдер арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімді ескере отырып, Ресейдің ұстанымы қандай екені жөніндегі сұрақтарға жауап берді.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров АҚШ-тың Ирандағы операциясының мақсатын атаған болатын. Ол АҚШ-тың шын мәнінде «өркениетті жою» жоспары болғанына күмән келтірді.
Депутаты облмаслихата рассмотрели проблемные вопросы и перпективы развития ветеринарной службы региона
