Ішкі драматизмге толы

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Gp6xdcKUfy3mnFzKRLbKU2beZtuTTH2TAgyKowx9.jpg

Өмір жолында кейбір адамдар  жетістікке тез қол жеткізссе, енді бірі кедір-бұдыр жолдармен жетіп жатады. Ал бүгінгі қалам тартып отырған Астана қаласы әкімдігі музыкалық жас көрермендер театрының актері Аққанат Қуандықов та, осы уақытқа дейінгі белестеріне түрлі өтпелі кезеңдер арқылы қол жеткізді.

Аққанаттың театр сахнасындағы тұңғыш рөлі М.Омарованың «Шәмші» мюзикліндегі Әбілахат Еспаев бейнесі болатын. Аққанат-Әбілахат Еспаев-шығармадағы рухани салмақ пен кәсіби биіктікті танытатын маңызды образдардың бірі.

Әбілахат Еспаев – тек композитор ғана емес, өнердегі ұстаз, бағыт беруші, эстетикалық талғамның өлшемі ретінде көрінеді.  Аққанат осыны ұғынады. 

Музыкалық жас көрермендер театрындағы «Гаухартас» музыкалық драмасы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қойылымның бірі. Актерлердің шығармашылық тұрғыдан ашылуына да, тигізер пайдасы мол.

Гауһартас драмасындағы Аққанат Қуандықов орындауынағы  Тастан бейнесі — ішкі қайшылығы терең, тағдыр мен мінез тартысы арқылы ашылатын күрделі бейне.Тастан – сырт көзге суық, қатал, тіпті дөрекі көрінетін кейіпкер. Бірақ бұл мінездің түбінде терең ішкі жара, өмірдің ауыртпалығы жатыр.

Аққанат Қуандықов осы сезімді екі қабатты яғни, сыртқы қаталдық пен ішкі сезім арқылы  қатар алып шығады. Тастан – тек бір адамның емес, тұтас бір дәуірдің психологиясы. Аққанат Қуандықов сомдаған Тастан – трагедиялық тереңдігі бар, көрерменді ойлантатын рөл. Ол махаббатты жоғалтудың емес, оны жеткізе алмаудың қасіретін көрсетеді.

Аққанат Қуандықов «Ғашық жүрек» поэтикалық драмасындағы Шәміл ақын бейнесін нұсқалайды.  Шәміл-Аққанат— лирикалық тереңдігі мен ішкі драматизмі ұштасқан нәзік те ерекше бейне.

Аққанат Қуандықов сомдаған Шәміл – сыртқы әрекеттен гөрі ішкі әлемге құрылған, терең лирикалық образ. Бұл рөл актерден үлкен психологиялық дәлдік пен поэтикалық сезімталдықты талап етеді және сол қасиеттер арқылы көрермен жүрегіне жетеді.

Халық қаһарманы Ә.Мәмбетов: «Өнер – өмірдің шындығын әсем түрде жеткізу.»-дейді.

Аққанат өмір шындығын сахнада  терең жеткізіп жүрген актер.  Аққанат бейнелейтін-Қалқаман бейнесі-еркіндікке ұмтылған, махаббат жолында тағдырмен тайталасқан трагедиялық қаһарман.

Қалқаман – ескі салттың шеңберіне сыймайтын, өз таңдауын қорғауға дайын кейіпкер. Ол махаббатты – тағдырдан да, дәстүрден де биік қояды. Бұл оны батыл, бірақ қайшылықты тұлға етеді.

Аққанат Қуандықов сомдаған Қалқаман – жігерлі, сезімтал, трагедиялық кейіпкер. Ол махаббат жолындағы күрестің сұлулығын да, қасіретін де қатар көрсетіп, көрерменді терең ойға жетелейді.

«Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзикліндегі Бекежан бейнесін қазіргі таңда Аққанат Қуандықов нұсқалап жүр.  Бекежан – тек қарапайым антагонист емес, ол ішкі қайшылығы мол, сезімі мен әрекеті арасындағы тартысқа түскен кейіпкер. Аққанат Қуандықов бұл бейнені біржақты «жауыз» ретінде емес, тағдыр мен махаббаттан күйзелген, намыс пен қызғаныштың құрбаны болған адам ретінде ашады.

Аққанат Қуандықовтың Бекежаны – тек жау бейнесі емес, ол махаббат пен намыс, қызғаныш пен өкініш арасында күйзелген трагедиялық жан. Аққанат-ішкі драматизмді сахна алаңында орындай алатын актер. Бүгінгі театр өнеріне керек қасиеттердің бірі. Жоғары да, жетістікке түрлі өтпелі уақыттардан өтіп жеткенін айтып өттік, Аққанаттың ендігі жетістіктері өтпелі кезеңмен емес, тез ізгі жолмен өріле берсе деген тілектеміз!

Бахтияр Тұрсын

Театртанушы

 

Комментарии
Другие материалы