Баянда қайдан жүр? Министрлік “Жібектің” қамзолын тексермек

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Bss35qgJbsFiNLHmYnPXmkq4yV0VTcTdHTZVwn1s.jpg

Продюсер Баян Алагөзованың Меруерт Өтекешовадан сыйға алған тарихи қамзолы туралы жазбасы қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Осыған қатысты Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми түсініктеме беріп, жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна".

Министрліктің мәліметінше, аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған жәдігер «Қазақфильм» киностудиясының музей қорында сақталған. Бұл экспонат ұлттық кинематографияның маңызды мәдени мұрасы ретінде мемлекет қорғауында.

Продюсердің жазбасында көрсетілген «екінші қамзолдың» қалайша жеке адамның қолына өткені және оның тарихы қазіргі уақытта министрлік тарапынан анықталып жатыр.

Министрлік ұлттық фильмдердегі құнды реквизиттер мен костюмдерді жинау және реставрациялау жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатқанын атап өтті.

«Болашақ музейде отандық кино тарихына қатысты бірегей экспонаттар жинақталып, олар қалың көпшілікке қолжетімді болады», – делінген хабарламада.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени құндылықтарды қорғау мәселесі басты назарда екенін ескертті.

 

Комментарии