Мазмұндама, диктант, шығарма. Қазақстан мектептерінде жазбаша жұмыстар қайта енгізіледі

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/stApD5QYNmmZvcWfkmUkIxqPmqmCcQRZZE3XuvQN.jpg

Оқушылар мазмұндама, шығарма және диктант жазатын болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда мектеп бағдарламасы жаңартылып жатыр. Жаңа өзгерістер аясында бірқатар жаңа пәндер енгізіліп, кейбір бағыттар күшейтіледі.

Атап айтқанда, 5–7 сыныптарда «Конституция негіздері», 8–9 сыныптарда «Заң және тәртіп» пәндері оқытылады. Ал 10–11 сыныптарда «Құқық негіздері» міндетті пән ретінде енгізілмек.

Сонымен қатар, 8–9 сыныптарда «Қазақстан географиясы» пәні аптасына екі сағаттан оқытылатын болады.

Министрлік мәліметінше, жазбаша жұмыстарды қайта енгізу оқушылардың білім деңгейін кешенді бағалауға және функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

«Мазмұндама, шығарма және диктант қайта енгізіледі. Бұл өзгерістер тілдік дағдыларды дамытуға және оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге бағытталған», – делінген ресми ақпаратта.

 

Комментарии