Алты жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mRRnaeHL6jED3u34iMvc2UaSMH10G8EYGekZTesp.webp

13 сәуір күні Степногорск қаласында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2020 жылы туған бала көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап кеткен. Ауыр жарақат алған бүлдіршін жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция өкілдерінің айтуынша, күннің жылынуына байланысты мұндай жазатайым оқиғалар жиілей түседі. Биылдың өзінде Ақмола облысында балалардың терезеден құлауына қатысты бес жағдай тіркелген. Соның бірі өліммен аяқталған.

 

Комментарии