Тоқаев екінші турда жеңіске жеткен Ирак президентін құттықтады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TLqFsMD2fH4a6xR8lRHIBkzIV8b9zb43PmKEmEAe.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ирак Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы бүгін, 13 сәуірде Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады. Мемекет басшысы Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.

Еске салайық, 11 сәуірде Ирак парламенті Низар Мохаммед Саид Амидиді республика президенті етіп сайлаған еді. Дауыс берудің екінші турында ол 227 дауыс жинап, қарсыласы – депутат Мутанна Амин Надерден айқын басым түсті.

Комментарии