Назарбаевтар кеткеннен кейін «Астана Опера» театрының табысы артты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ATK1FZ4YBLjil2uJpBZ4rUvDHFK3GY6uG5IYB2v5.jpg

фото: astanaopera.kz

Астана Опера 2025 жылдың қорытындысы бойынша 40,3 млн теңге табыс тапты. Бұл туралы коммерциялық емес акционерлік қоғам жылдың қорытынды есебін жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Айта кету керек, 2025 жылдың наурызында театрдың қамқоршылар кеңесінің құрамы өзгерген. Кеңестен Нұрсұлтан Назарбаев, Дариға Назарбаева, Тимур Құлыбаев, Александр Машкевич, Нұрлан Смағұлов, Патох Шодиев және Алмасадам Сәтқалиев шығарылған.

2025 жылғы нәтиже 2024 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Өткен жылы театр 34,5 млрд теңге шығынға батқан болатын. Ол кездегі негізгі шығын «өзге шығыстар» санатындағы негізгі құралдардың есептен шығарылуымен байланысты болды. Яғни, бұл – ұйым балансынан белгілі бір мүлікті шығару кезінде туындайтын шығындар.

Есепте 2024 жылы театр ғимараты іргелес аумақ пен жабық автотұрақты қайта жаңарту мақсатында Астана әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтеусіз берілгені көрсетілген. Жоспар бойынша, 2025 жылдың желтоқсанында бұл нысан акцияларды төлеу есебінен театрға қайта берілуі тиіс болған. Алайда оның қайтарылғаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Айта кетсек, 2023 жылы да кәсіпорын 1,2 млрд теңге шығынға ұшыраған.

2025 жылдың соңында театр активтері 15,8 млрд теңгені құрап, жыл басындағы 15,7 млрд теңгеден сәл артқан. Ал міндеттемелер 21,9%-ға төмендеп, 3,2 млрд теңгеден 2,5 млрд теңгеге дейін азайған.

Комментарии