Көшербаев пен Сауранбаев Әзербайжандағы Шейіттер аллеясына барды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KAw8eEUNUYH9547QxsvCuC7Azyb7cTWKgHpW4Qel.jpg

Әзербайжанға ресми сапармен барған Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Шейіттер аллеясына барды. Бұл туралы Report агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Олар Әзербайжанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жанын қиған жандардың рухына тағзым етіп, олардың қабірлеріне, сондай-ақ «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойған.

Сондай-ақ Көшербаев пен Сауранбаев Бакудің ең биік нүктелерінің бірінен Әзербайжан астанасының панорамасын тамашалаған. Оларға Шейіттер аллеясының тарихы, сондай-ақ қалада жүргізіліп жатқан абаттандыру және құрылыс жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Одан бөлек, министрлер Жеңіс саябағында болып, Жеңіс монументіне гүл шоғын қойған.

Кейіннен Әзербайжан мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері — Джейхун Байрамов пен Ермек Көшербаевтың кеңейтілген құрамда кездесу өткізгені белгілі болды. Тараптар экономикалық, сауда, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика және цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқанын атап өтіп, берік стратегиялық байланыстарын тағы бір мәрте растады.

 

Комментарии