Шерзат ісі. Сотталғандар толық ақтауды сұрайды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/48gtmeHqUvhJzl02eo7apvY7E48sbOvl3WwwcB6g.webp

Талғардағы жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандар үкіммен келіспей, толық ақтауды талап етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың мүддесін қорғап отырған адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметов кассациялық шағым түсірген. Олар сот үкімімен келіспей, өздерін толық ақтауды сұрап отыр.

«Шерзат ісі бойынша кассациялық шағымдар түсті. Алайда олармен танысу мүмкіндігі бізде енді ғана пайда болды. Соған қарамастан сот отырысы ертеңге, яғни 7 сәуірге белгіленген», — деді Шекеев.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың мамыр айында сот үкімімен Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, ал Дидар Қалиахметов 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Олар 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған.

Комментарии