Испанияда Димаш Құдайберген туралы деректі фильм көрсетіледі

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6jTMwkyq3FE5nt2LVyEgIIfP8oWYahMvkSLbvYP4.jpg

Испанияда әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы деректі фильмнің премьерасы өтеді. Бұл жоба әншінің испаниялық жанкүйерлерінің бастамасымен жүзеге асқан. Бұл туралы Dimashnews сайты жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, деректі фильмді жасауға испаниялық фан-клуб пен Gran Voz Kazaja қауымдастығы атсалысқан. Жобамен жұмыс шамамен екі жылға созылып, 2024 жылдың қазан айында басталған. Ал фильмнің тұсаукесері 2026 жылдың 30 мамырына жоспарланған. Көрсетілім Palacio de Hielo кинотеатрында, Мадрид қаласының Орталеса ауданында өтеді.

Туындының негізіне 20 сағаттан астам бейнематериал енгізілген. Олардың қатарында архивтік жазбалар, фотосуреттер және түрлі сұхбаттар бар. Фильмде ерекше назар бес жанкүйердің жеке оқиғаларына аударылған. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, Димаштың шығармашылығы олардың өміріне қалай әсер еткенін баяндайды.

Жоба авторлары әншінің тек шығармашылық жолын ғана емес, оның халықаралық аудиториясымен ерекше байланысын да көрсетуді мақсат еткен. Фильм арқылы олар Димаштың өнерін әлемдік деңгейде одан әрі насихаттауды көздейді.

Деректі фильмнің режиссері — испаниялық автор Давид Кольянтес Родригес. Ол түсірілім процесі мен монтаж жұмыстарына да тікелей қатысқан.

Комментарии