Бір жыл бұрын жоғалған адамның мәйіті табылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xoSGtq3z3aoQl4utGluzmivrVBAWNgv5u0ywXIHi.jpg

Өткен жылдың қысында із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lider.kz-ке сілтеп.

Белгілі болғандай, Коломыцев Павел Михайлович 2025 жылғы 13 желтоқсанда жоғалып кеткен. Сол күні сағат 15:30 шамасында ол соңғы рет байланысқа шығып, содан кейін хабар-ошарсыз кеткен.

Полиция дерегіне сәйкес, ер адамның телефоны Қызылорда облысы маңындағы Талсуат ауылында сөнгені анықталған.

Іздестіру жұмыстары барысында ер адамның белгілері де жарияланған. Жоғалған күні оның үстінде қара түсті күртеше, қара шалбар, қара кроссовки және тоқыма бас киім болған.

Еріктілердің мәліметінше, ер адамның денесі 2026 жылғы 30 наурызда табылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Комментарии