Астанадағы мектептердің бірінде мұғалім оқушыға физикалық күш қолданған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиғадан кейін ұстаз қызметінен босатылып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, бұл жағдай қызметтік тексеру барысында анықталған.
Мұғалім Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, тәрбиелік қызмет атқаратын қызметкердің моральдық талаптарға сай келмейтін әрекеті үшін жұмыстан шығарылды.
«Қосымша тәртіптік шаралар да қабылданды. Мектеп директоры мен оның орынбасарлары жеке жауапкершілікке тартылып, ресми ескертулер берілді», – деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар, полиция аталған дерек бойынша мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Artjaq и Yeski Taspa представляют: особый выпуск к 8 марта с участием Sadraddin, Рената Гайсина и «Gaissin Orchestra»
