«Қабылдауға келмейді». Ресей Израильдің Каспийдегі әрекетін айыптады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OSQP9pMMOQXKXSIusGCY0IFMyfrUeusMvWDWp5PK.jpg

Ресей Израильдің Каспий теңізіндегі логистика мен саудаға төндіріп отырған қауіптерін қабылдауға келмейтін әрекет деп санайды. Бұл туралы РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Израиль тарапынан су айдындарына, соның ішінде сауда мен тауарларды тасымалдауға төндірілетін қауіптер –  біз үшін қабылдауға келмейтін әрекет. Ол жағалаудағы барлық мемлекеттің тарапынан ең қатал айыптауды қажет етеді», — деді дипломат.

20 наурызда Мария Захарова АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы аясында Бендер-Энзели портына жасалған шабуыл Ресей мен Каспий жағалауы мемлекеттерінің экономикалық мүдделеріне зақым келтіргенін айтқан еді. Ресей СІМ өкілінің сөзінше, Каспий порты маңызды сауда-логистикалық хаб ретінде қызмет етеді және ол ресей-иран саудасын, соның ішінде азық-түлік тасымалын қамтамасыз ету үшін белсенді түрде қолданылады.

Комментарии