Астанада Орталық Азия елдерінің көшбасшылары бас қоспақ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jDVXyuGo1r8pIyzNFh4QzgDgqpuzQWqqPhspXgjJ.jpg

22 сәуірде Астанада Орталық Азия елдерінің көшбасшылары бас қосады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Елордада Аралды құтқару халықаралық қорының мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтеді»,-делінген хабарламада.

Аталмыш қорға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері кіреді.

Мемлекет басшыларының отырысы әр үш жыл сайын бір рет өткізіледі. Соңғы отырыс 2023 жылы Душанбе қаласында өткен, сол кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қордың басшысы болып үш жылға сайланған еді.

Айта кетейік, Қазақстан Солтүстік Арал теңізін сақтау бағытында кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңін әзірледі. Жоба аясында теңіз деңгейін Балтық жүйесі бойынша 44 метрге дейін көтеру үшін Көкарал бөгетін реконструкциялау көзделген. Соның нәтижесінде су айдынының аумағын 3 913 шаршы шақырымға дейін, ал су көлемін 34 млрд текше метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Комментарии