Каспийдегі әскери дайындық тексерілді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/x2OFGR1TNuNE0YPyDEhKaf2Ef4VRJuEs9LZt1kA7.jpg

Ақтау гарнизонында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік, техникалық және жедел әзірлігін жан-жақты тексерді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрдің бірінші орынбасары теңізшілердің қызметімен және тұрмыс жағдайымен танысып, олардың материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілу деңгейін зерделеді.

«Орал» зымыран-артиллериялық кемесінде генерал-лейтенант Қанат Әбубәкіров қару-жарақ жүйелерінің, навигация және радиотехникалық жабдықтардың дайындығын тексерді. Оқу-жаттығу жиыны барысында экипаждың атыс тапсырмаларын орындау кезіндегі іс-қимылы пысықталып, жеке құрамның үйлесімділігіне баға берді.

Сонымен қатар Бас штаб бастығы «Қайсар» диверсияға қарсы катері мен арнайы бөлімшелердің Каспий теңізінің қазақстандық акваториясы мен порттық аймақтарын су асты және су үсті қатерлерінен қорғауға әзірлігін бақылады. Ол Қазақстанның Әскери-теңіз күштері өңірлік тұрақтылықты сақтауда шешуші рөл атқаратынын, сондықтан оларды жаңғырту қорғаныс ведомствосының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Инспекция қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жауынгерлік даярлықты жетілдіруге және бөлімшелердің үйлесімділігін нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Комментарии