Ресей Орталық Азия мен Батыс әріптестігін басқаша талдауға тырысты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nnUMSJe2MVUeefKkXKNF1IvSIX48JFhlyHjMw0OW.png

Ресей Қазақстан және Өзбекстанмен атом энергетикасы саласында өзара құрмет пен тең әріптестік қағидатына сүйене отырып жұмыс істейтіні туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" үлттық порталы.

Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты халықаралық құқық пен екіжақты келісімдер негізінде дамытып келеді.

«Біз Батыс елдерінің Орталық Азия нарығына, соның ішінде табиғи ресурстарға қол жеткізу үшін түрлі әрекеттер жасап жатқанын көріп отырмыз. Кей жағдайда олар нарықтық емес тәсілдерді қолданады және өңір елдерімен біздің ынтымақтастыққа сызат түсіруге тырысады», – деді Захарова.

Ресей СІМ өкілі Мәскеу Қазақстан мен Өзбекстандағы атом энергетикасын дамыту жобаларын өзара құрмет пен теңдік негізінде жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

Бұл мәлімдеме Франция президенті Эммануэль Макрон уран жеткізілімінде Ресейге тәуелділікті азайту қажеттігі туралы айтқан сөзінен кейін жасалды. Макрон балама жеткізушілер ретінде Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Канада және Австралияны атаған.

Захарова өз кезегінде Батыс елдері «доминанттық, тіпті отаршылдық сипаттағы ұстаныммен әрекет етеді» деп сынға алды.

Комментарии