Атырау облысында төрт адамның қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша күдіктінің балалары туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қылмыстық іске қатысы бар азаматтық некедегі жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қазіргі уақытта психикалық денсаулық орталығында ем алып жатыр.
Оқиға салдарынан ерлі-зайыптылардың бес баласы мемлекет қамқорлығына алынған. Үшеуі бейімдеу орталығында, ал бір және үш жастағы екі кішкентай бала балалар үйіне орналастырылған. Мамандар балалардың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.
Журналист Жұлдыз Тілеуханның мәліметіне сәйкес, балаларға ата-әжелері келіп, жағдайларын бақылап отырады. Балалар жиі ата-аналарын сұрап, үйлеріне қайтқысы келетінін айтып жүргені туралы да жазылған.
Новости по теме
