18 наурыз күні Румынияның Мидия портында "Астана" буксирі бес экипаж мүшесімен бірге суға батып кетті. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төрт адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Адырна".
Report агенттігінің Румыния БАҚ-тарына сілтеме жасап хабарлауынша, экипаж мүшелерінің бірі жағаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Қазіргі уақытта қалған төрт адамды іздеу операциясы жүргізілуде. Румыния Әскери-теңіз күштерінің басшылығы олардың қаза болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, сүңгуірлер және арнайы қызметтер жіберілді.
Румынияның әскери-теңіз ведомствосының мәліметінше, буксир "Амадес" атты Маршалл аралдарының туы астындағы танкерді Монбуй терминалына байлау кезінде аударылып кеткен. Бұл терминал Мидия портынан шамамен 8 шақырым қашықтықта орналасқан.
Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жұмыстары прокуратураның үйлестіруімен жүргізіліп жатыр.
"Астана" буксирі Румыния туы астында жүзіп жүрген және 2006 жылы салынған. Кеменің ұзындығы — 26,09 метр, ені — 7,94 метр, ең үлкен шөгу тереңдігі — 3,85 метр, ал қозғалтқыш қуаты — 2610 кВт (3500 ат күші).
Усиление роли НПО в реализации Послания Президента РК «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана»
