Нұрлан Сабыровтың жұбайы Ресейдегі бизнесін жаба бастады — БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LMOtkhDnDzJIboGDHgJWLtXND4Pf2pt0gssCSoXj.webp

Қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровтың жұбайы Диана Сабырова өзіне тиесілі «ДС Ритейл» компаниясын жапқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Mash Telegram-ға сілтеп. 

Бұл компания 2025 жылы сусындар мен темекі өнімдерін сату мақсатында тіркелген.

Mash Telegram-арнасының дерегінше, соңғы 12 айда компания активтері 1 миллион рубльге (шамамен 5,8 млн теңге) дейін өскен. Алайда наурыз айының басында Диана кәсіпорынды жабу туралы өтініш берген. РИА Новости де бұл ақпаратты БИР-Аналитик деректеріне сілтеме жасап растады. Құжатқа сәйкес, компания 16 наурыз 2026 жылдан бастап тарату процесінде.

Сонымен қатар, Диана Сабырова Ресейде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген бизнесін әлі де жалғастырып келеді. Биыл 5 ақпанда ол жарнама агенттіктерінің қызметімен айналысуға, сондай-ақ түрлі демалыс пен ойын-сауық шараларын ұйымдастыруға құқық алған. Бұл Нұрлан Сабыровқа Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін болған.

Комментарии