Жедел жәрдем фельдшерін ұрған ер адам сотталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GH0htPBxkuhHVsF50o0PgfhNBDqXTSEQMeRBIlvP.webp

Елордада жедел жәрдем бригадасының фельдшеріне қол көтерген ер адам ұсталды. Оған медицина қызметкеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы шақырту бойынша сауда орталығына барған. Оқиға орнында мас күйде болған екі ер адам болған. Олардың бірі өзін жайсыз сезінетінін айтқан.

Медицина қызметкерлері тексеру жүргізіп, қажетті көмек көрсеткеннен кейін кетпек болған. Сол сәтте ер адамдардың бірі агрессия танытып, фельдшерге соққы жасаған.

Аталған дерек бойынша полиция медицина қызметкеріне күш қолдану фактісімен қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Комментарии