Фото: Reza B/MEI/SIPA, Reza B/MEI/SIPA
Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеи жараланған болуы мүмкін, сондықтан сайланғаннан кейін әлі бірде-бір рет көпшілік алдында көрінбеді. Бұл туралы Reuters агенттігіне жоғары лауазымды израильдік шенеунік мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW сайтына сілтеп.
Оның айтуынша, АҚШ пен Израильдің бірлескен әуе соққысы кезінде Моджтаба Хаменеи жеңіл жарақат алған.
dpa агенттігінің жазуынша, 56 жастағы Моджтаба Хаменеи әкесінің қазасынан кейін жоғарғы жетекші қызметіне келген. Ол 11 күн бұрын Тегеран орталығында болған жарылыстардан аман қалған. Бұл шабуылдар кезінде оның әкесі ғана емес, әйелі, анасы және күйеу баласы да қаза тапқан.
Америкалық The New York Times басылымы үш ирандық шенеунікке сілтеме жасап, Моджтаба Хаменеи аяғынан жарақат алғанын хабарлайды.
"Қазіргі таңда Иран үкіметінде жаңа жоғарғы жетекші туралы нақты ақпарат жоқ, министрлер мен президент Масуд Пезешкиан онымен байланысқа шықпаған", деп жазады оппозициялық Iranwire порталы өз дерек көздеріне сілтеме жасап.
Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац бұрынғы сөзінде қазіргі Иран басшылығы тағайындаған кез келген жетекші «еш шартсыз жою нысанына» айналатынын мәлімдеген.
Пилотный проект "Вклад в развитие масштабирования здорового питания" реализуется в Акмолинской области
