Каспий теңізінің тартылу қарқыны баяулады – эколог

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gkEtFmT5FKl6Q1MZplClg3RTY3ryLVfl48l7hkou.jpg

Каспий теңізінің тартылуы әлі де жалғасып жатқанына қарамастан, теңіз деңгейінің төмендеу қарқыны баяулаған. Бұл туралы Caliber.Az басылымына Әзербайжан Ғылым академиясының География институтының бөлім меңгерушісі, эколог Энвер Алиев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, соңғы 3 жылда жүргізілген мониторингтер Каспий теңізі деңгейінің төмендеу жылдамдығы азайғанын көрсетеді. Бұрын теңіз деңгейі жылына 25–30 см төмендесе, қазір бұл көрсеткіш 15–17 см шамасында.

Әзербайжан ғалымдары Каспий теңізі бойынша соңғы зерттеулердің деректеріне және 200 жылдық ғылыми бақылауларға сүйене отырып, 2040–2050 жылдарға қарай теңіз деңгейінің төмендеу кезеңі тоқтайды деп есептейді.

«Бұл тіпті бұдан да ертерек, алдағы 5 жылдың ішінде болуы мүмкін. Одан кейін су деңгейі қайта көтеріле бастауы ықтимал. Алайда Каспийдің бұрынғы жоғары деңгейіне қайта оралуы, әрине, бір-екі жылда жүзеге аспайды», – деп атап өтті Э. Алиев.

Комментарии