150-ге жуық америкалық әскери қызметкердің жараланғаны айтылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YPqqUfkqdcOaV4mzTTXW7FoPENxFDh8qai2G3Pr1.webp

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жүргізген операциясы кезінде шамамен 150 америкалық әскери қызметкер жараланған. Бұл туралы Reuters агенттігі  жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін АҚШ қорғаныс министрлігі 140 қызметкердің жарақат алғанын жеткізген.

«Эпикалық қаһар» операциясы басталғалы бері 10 күн бойы үздіксіз жасалған шабуылдардың нәтижесінде шамамен 140 америкалық әскери қызметкер жараланды»,- делінген хабарламада.

Кейіннен бұл көрсеткіштің өскені айтылды. Мәліметке сәйкес, жараланғандардың 108-і қайтадан қызметіне оралған, ал сегіз адам ауыр жағдайда жатыр.

Айта кетейік, CENTCOM операция кезінде жетінші америкалық әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлаған еді.

АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы әскери операция бастаған еді. Шабуылдар Иранның ең ірі қалаларына, соның ішінде Тегеранға жасалды. Ақ үй бұл шабуылды Тегераннан келуі мүмкін зымырандық және ядролық қауіппен түсіндірді.

Ал Ислам революциясы сақшылары корпусы жауап ретінде ауқымды операция басталғанын мәлімдеп, Израильдегі нысандарға соққы жасаған. Сондай-ақ соққылар Бахрейн, Иордания, Катар, Кувейт, БАӘ және Сауд Арабиясындағы АҚШ нысандарына да тиген.

 

 

 

Комментарии