Ердоған Иран дрондары жасаған шабуылды айыптады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aEFCBj6R5cStXk8k6j3YKWlZgFaQtICr3lgBsYgy.webp

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Иран дрондарының Нахчыван Автономиялық Республикасы аумағына жасаған шабуылын айыптады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәліметке сәйкес, Ердоған бұл туралы мәлімдемесінде Ильхам Әлиевпен сөйлескенін атап өтті.

«Мен бауырым Ильхамға Нахчыван Автономиялық Республикасына жасалған бүгінгі шабуылға қатты алаңдаушылық білдіріп, оны айыптайтынымызды жеткіздім. Өңірде қан төгілмеуі, бейбіт тұрғындар қаза таппауы және шиеленіс қайтымсыз деңгейге жетпеуі үшін көпжақты дипломатиялық жұмыстар жалғасып жатыр», – деді Түркия басшысы.

Ердоғанның айтуынша, аймақтағы жағдайды тұрақтандыру үшін дипломатиялық жолдармен мәселені шешу маңызды.

Комментарии