Тоқаев күштік құрылымдарға қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VuGfRSjcXcZyhF3ZMw0hBgJO1qY9W44bwKvWb8sN.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің стратегиялық инфрақұрылымының қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияр айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды»,-делінген хабарламада.

Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелген.

Комментарии