Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/07gIalk3TBQPHFgZDReecWpyCiDk7qXzec11E7NY.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, президент Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізген.

«Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті»,-деді Айбек Смадияров.

 

 

 

Комментарии