Трамп: Иран әрекет жасаса, бұрын-соңды болмаған күшпен жауап береміз

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jYmMpuc4rtFGwgtjXvzwyZFHdWFSx7LmepmOPOsB.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның соңғы мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін Иран өте қатты қарымта соққы жасайтындарын жеткізді. Алайда бұл қадамға бармағандары дұрыс. Егер әрекет жасаса, біз оларға бұрын-соңды болмаған күшпен жауап береміз. Бұл мәселеге көңіл бөлгендеріңізге рақмет»,-деп жазды Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Иран Хаменеидің қаза табуына байланысты АҚШ әскери базаларына қарсы тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын жүргізетінін айтқан еді.

Комментарии