«Ішкі кеңістік»: Алматыда графикалық көрме ашылды

87
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Mu2hRk2b4pmdP0PwuDNgU2n5TFttkZpnyZZsfVCT.jpg

Алматыда белгілі мүсінші Мәлік Өскенбай 60 жылдығына арналған «Ішкі кеңістік» жеке шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Экспозицияда автордың 30-ға жуық мүсіндік және 30-ға жуық кескіндемелік, графикалық туындылары ұсынылды. Өнер иесі шығармаларында қазақ болмысының образдық ерекшеліктерін заманауи пластикалық тілде жеткізеді. Тас, ағаш, қола, керамика секілді материалдарды шебер қолдана отырып, реалистік және абстрактілі бағыттарды үйлестіреді.

Суретшілердің айтуынша, халықаралық және республикалық көрмелерде дара қолтаңбасымен танылған суретшінің бұл жобасы – оның шығармашылық ізденістерінің жаңа кезеңін айқындайтын тұжырымды жұмыс.

«Ішкі кеңістік – көрерменді өз болмысымен жүздесуге, ой тоқтатуға, ішкі үнін тыңдауға шақыратын философиялық, интроспективті көрме. Бұл жоба цифрландыру дәуіріндегі адамның рухани әлемін көркем тілмен зерделеуге арналған және суретшінің шығармашылық әлеміне терең үңілуге мүмкіндік береді», – деді Мәлік Өскенбай.

Ұйымдастырушылар шығармашылық көрме 5 наурызға дейін жалғасатынын атап өтті.

Комментарии