Тоқаев Дональд Трамп атындағы арнайы сыйлық тағайындауды ұсынды

153
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5Q0PpUYgQq1CEVrzLWj889GT40mNazQWO2DdHcs9.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, жаңа сыйлық құру туралы бастамасын жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Жиын Вашингтондағы АҚШ Бейбітшілік институты базасында өтті. Институтқа былтыр желтоқсанда Дональд Трамптың есімі берілген.

Өз сөзінде Трамп Қазақстанды «керемет әрі бай мемлекет» деп атап, Тоқаевқа ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар ол кеңеске қатысушы елдер Газа секторына гуманитарлық көмек ретінде 7 миллиард доллар бөлуге уәде бергенін мәлімдеді.

Отырыста Газа аймағындағы Халықаралық тұрақтандыру күштеріне әскери қызметкерлер жіберуге дайын бес мемлекет бары айтылды. Олардың қатарында ИндонезияМарокко, Қазақстан, Косово және Албания бар.

Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамп атындағы арнайы сыйлық тағайындауды ұсынды. Оның айтуынша, бұл марапат бейбітшілікті нығайту жолындағы айрықша жетістіктерді мойындауға бағытталмақ.

«Мен Бейбітшілік кеңесі аясында АҚШ президенті Дональд Трамп атындағы арнайы марапат құруды ұсынғым келеді. Бұл сыйлық оның бейбітшілік жолындағы ерекше еңбегін атап өтуге арналсын. Құрметті Президент мырза, мен сенімдімін, сіздің мықты жетекшілігіңізбен Бейбітшілік кеңесі өзінің ұлы әрі абыройлы миссиясын сәтті атқарады», – деді Тоқаев.

Кеңес жұмысына 26 мүше мемлекет пен 23 бақылаушы ел қатысуда. Қатысушылар қатарында Ильхам ӘлиевШавкат Мирзиёев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Албания премьер-министрі Эди Рама бар.

Сондай-ақ Трамп Норвегия Бейбітшілік кеңесінің бірқатар іс-шарасын қабылдауға келіскенін мәлімдеді.

Комментарии