Астанада өрт сөндірушілер аялдама павильонындағы өртті ауыздықтады. Өрттің шығуына кабельдер мен қоқыстың жануы себеп болған. Бұл туралыТөтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
«112» пультіне Нұрмағамбетов көшесі мен Сарайшық ауданының қиылысындағы қоғамдық көлік аялдамасынан түтін шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар LRT желісіне жақын маңдағы салынып жатқан нысанның ішінде өрт болып жатқанын анықтаған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, аялдама павильонының жертөле бөлігінде түтін байқалған. Электр қалқанындағы электр кабельдері мен құрылыс қалдықтары өртенген. Өрттің жалпы аумағы 10 шаршы метрді құрады.
Құтқарушылардың жедел қимылының арқасында тілсіз жау тез арада сөндірілді.
«Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жалынның шығу себебі анықталып жатыр», — делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, өрт болған аумақ Астанадағы LRT құрылысы жүріп жатқан маңызды жол айрықтарының бірінде орналасқан.
Более двух тысяч студентов столичных колледжей приняли участие во флешмобе в честь завершения Года рабочих профессий