Ұлттық ұлан сақшылары жоғалған 6 жасар қызды іздеп тапты
Ұлттық ұлан сақшылары жоғалған 6 жасар қызды іздеп тапты
13.02.2026
109
Павлодар қаласында жоғалып кеткен алты жастағы қыз жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде аман-есен табылды. Оқиға туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
Мәліметке сәйкес, сағат 22:10 шамасында Павлодар қаласындағы Назарбаев көшесін патрульдеу кезінде 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне әйел адам жүгініп, алты жастағы қызының жоғалып кеткенін айтқан. Ақпаратты алған сақшылар бірден іздестіру шараларына кірісіп, баланың болуы мүмкін бағыттарын тексеріп, жақын маңдағы көшелер мен қоғамдық орындарды қарап шыққан.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде кішкентай қыз Байзақов атындағы филармония маңынан табылып, анасына тапсырылды. Қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеген.
Ведомство өкілдері мұндай жағдайларда уақытты жоғалтпай, бірден құқық қорғау органдарына хабарласудың маңызын еске салды.