Соғыса жаздаған Иран мен АҚШ келіссөзі жалғасатын болды

125
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4A8CWRUVYnrfA6Jo28lr4Aq7qhspuWIMkkfCFqXU.jpg

АҚШ пен Иранды сегіз айдан кейін қайта бір үстел басына жинаған ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздердің алғашқы кездесуі аяқталды. Иранның мемлекеттік телеарнасы Оман астанасы Маскатта өткен келіссөздердің «әзірге» аяқталғанын, ал екі ел делегацияларының өз елдеріне оралуы күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Әлем жұртшылығы назар аударған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздің алғашқы сессиясы осылайша аяқталды.

Жанама келіссөзге Оман араағайын болды. Жиын Маскат қаласында Оман сыртқы істер министрі Бәдр бин Хамад әл-Бусаидидің төрағалығымен өтті. Иран делегациясын сыртқы істер министрі Аббас Аракчи, ал АҚШ делегациясын АҚШ президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф басқарды.

Келіссөздерге Иран тарапынан сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Маджид Тахт-Раванч, экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Хамид Канбери және сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бекаи қатысты. АҚШ тарапынан Уиткоффтан бөлек, президент Дональд Трамптың күйеу баласы әрі кеңесшісі Джаред Кушнер де болды.

Иран мемлекеттік телеарнасының тілшісі СІМ баспасөз хатшысы Исмаил Бекаидің «келіссөздер әзірге аяқталды, екі ел делегацияларының өз мемлекеттеріне оралуы күтіледі» деген сөзін жеткізді.

Комментарии