Қытай Африкадағы шөл далада теміржол салды

346
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3opt1IhITnwQ4cmgu0aOUbPqkJMJ7kz7zsb7Oyi4.webp

Африкада шөл далада ауыр жүк тасымалдауға арналған алғашқы теміржол ашылды. Бұл туралы Xinhua агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алжирдің Батыс теміржолы – Африкадағы шөл арқылы ауыр жүк тасымалдауға арналған алғашқы теміржол желісі қозғалысқа ашылды. Бұл жоба Алжирдің ұлттық теміржол желісін жетілдіруге мүмкіндік беріп, елдің оңтүстік-батыс өңірлеріндегі көлік қатынасы мен экономиканың дамуына ықпал етеді»,- делінген хабарламада.

Ел президенті Абдельмаджид Теббун Алжирдің оңтүстік-батысындағы Бешар провинциясында өткен салтанатты рәсімде теміржол желісінің ресми түрде пайдалануға берілгенін жариялады.

Ұзындығы 950 шақырым болатын бұл жолдың 575 шақырымы Қытайдың Теміржол құрылыс корпорациясы (CRCC) мен Алжирдің мемлекеттік компаниялары тарапынан салынған. Бұл – Алжирде қытайлық компания жүзеге асырған ең ірі инфрақұрылымдық жоба.

Сахара шөлінің күрделі жағдайында 8 мыңнан астам қытайлық және алжирлік жұмысшы жобаның құрылысын 24 айдың ішінде аяқтап, жергілікті теміржол құрылысы саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, жаңа рекордтар орнатты.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, бұл теміржол жылына 50 миллион тонна темір кенін тасымалдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жолаушылар тасымалына да қызмет көрсетіп, жол бойындағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасамақ.

Комментарии