14 жастағы өгей немересін зорлаған зейнеткер сотталды

177
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NL5mCFkZ065rAOxlq8ynTUDLTVHm9NLj5HsXlb5D.webp

Ақтөбе облысында өгей немересін зорлаған зейнеткерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

64 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлімі («Кәмелетке толмағанды зорлау») және 124-бабының 3-бөлімі («16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу») бойынша кінәлі деп танылды.

«К.-ны 120-баптың 4-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ 124-баптың 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етемін. Екі бап бойынша қосарланған жаза ретінде жалпы 21 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын», — деді сотья Алтынбек Сабыров.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың күзінде 14 жастағы мектеп оқушысы бала туған. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Құқық қорғау органдары күдіктіні сол жылдың қазан айында ұстады.

Комментарии